homepage
Stan.kz

Эпилепсиясы бар жүргізушілер анықталып, 10 адам куәлігінен айырылды

11.08.2025, 16:23

Астана қаласының прокуратурасы медициналық шектеуі бола тұра көлік жүргізіп жүрген азаматтарды анықтады. Эпилепсия диагнозы қойылған кейбір тұлғалар жол қозғалысына қатысып, өзге адамдардың өміріне қауіп төндірген деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Мәселен, эпилепсиямен диспансерлік есепте тұрған жүргізуші рөлде отырып ұстамаға ұшырап, екі жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Ол Қылмыстық кодекстің 345-бабы 2-бөлігі бойынша жауапқа тартылған.

Прокуратура бастамасымен қазіргі таңда сот он адамды жүргізуші куәлігінен айырды.

«Жол жүрісі туралы» заңға сәйкес, егер адамның денсаулығы медициналық қорытынды арқылы көлік жүргізуге қарсы көрсетілімге ие болса, оның жүргізушілік құқығы тоқтатылады. Қадағалау органы бұл бағыттағы жұмысын жалғастыратынын мәлімдеді.