Астанада Перизат Қайрат пен Гайни Алашбаеваның қорғаушысы үкімге шағым түсіріп, оларды ақтауды талап етті. Адвокаттың айтуынша, іс бойынша қылмыс құрамы жоқ деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Межрайондық сот өкілдері апелляцияның түскенін растады. Олар, егер шағым ҚПК талаптарына сай болса, материалдар Астана қалалық сотына белгіленген мерзімде жолданатынын және қабылдау туралы қосымша хабар берілетінін жеткізді.
Еске салайық, 25 шілдеде алаяқтық фактісі бойынша қаржы жымқырды деп айыпталған Перизат Қайрат 10 жылға, ал оның анасы Гайни Алашбаева 7 жылға бас бостандығынан айырылған болатын.