homepage
Фото: Туризм және спорт министрлігі

Қазақ спортшылары халықаралық жарыстарда жүлде қомақты қоржын жинады

11.08.2025, 11:48

2025 жылдың алғашқы тамыз аптасында қазақстандық спортшылар түрлі халықаралық жарыстарда бірқатар жарқын жеңіске қол жеткізді деп хабарлайды Juzmedia.kz Туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасап.

АҚШ-тың Норвуд қаласында өткен мәнерлеп сырғанау бойынша Cranberry Cup International 2025 турнирінде Софья Самоделкина 203,15 ұпай жинап, күміс жүлдеге ие болды. Бұл – оның Challenger сериясындағы үздік көрсеткіштерінің бірі.

Германияның Дортмунд қаласында өткен грек-рим күресінен Германия Гран-приінде қазақстандық балуандар 2 алтын, 2 күміс және 3 қола медаль жеңіп алып, жалпыкомандалық есепте бірінші орынды иеленді.

Таиландтың Бангкок қаласында өткен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында еліміздің U-19 құрамасы 2 алтын, 5 күміс, 6 қола медальмен бесінші орыннан көрінді. Бұл – алдыңғы жылдармен салыстырғанда елеулі нәтиже.

АҚШ-тың Спокане қаласында ұйымдастырылған WTT Feeder үстел теннисі турнирінде Зәуреш Акашева словениялық серіктесі Анна Тофантпен жұптық сында қола медаль еншіледі.

Ал Болгария астанасы Софияда өткен ITF Juniors J30 турнирінде 16 жастағы Иван Пономарев жұптық сында жеңіске жетіп, өзінің ITF аясындағы алғашқы чемпиондығын тіркеді.