homepage
Фото: Yvision.kz

DALA INSIDE: Байбек елге қайту үшін кепілдік сұрап жүр

11.08.2025, 10:55

Алматының бұрынғы әкімі Бауыржан Байбек Қазақстанға оралу үшін Бас прокуратурадан нақты кепілдік алғысы келеді деген мәлімет DALA INSIDE телеграм арнасында жарияланды деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Инсайдер ақпаратына қарағанда, Байбекке елге келуге тыйым салынбаған, бірақ ол “қызыл тізімге” ілініп қалудан қорқып жүр. Мұндай тізімге енген адамдарға елден шығуға рұқсат берілмейді. Яғни, қазір келсе, кейін шетелге кете алмай қалуы мүмкін. Сол себепті ол қандай да бір ресми гарантия қажет деп есептейді.

DALA INSIDE дереккөзі прокуратура да, ҰҚК де Байбекпен келіссөз жүргізуге мүдделі емес, өйткені ол арқылы мемлекетке қайтарылатын актив аз дейді.

Сонымен бірге, Байбекке қатысты екі түрлі қылмыстық бағыт айтылып жүр: бірі — бұрынғы әділет министрі Марат Бекетаевтың ісіндегі айғақтар, екіншісі — Алматыдағы жер телімдеріне байланысты жемқорлық күдіктері.

Инсайдер Байбектің соңғы жылдары Кипрде тұрғанын, Еуропаға жиі барып жүргенін және криптовалютамен айналысып көргенін де айтады.