homepage
Фото: baq.kz

Халықаралық террористік ұйымға қатысы бар күдікті Қазақстанға жеткізілді

11.08.2025, 09:48

Халықаралық террористік ұйым қызметіне қатысты деген күдікке ілінген қазақстандық азамат Таяу Шығыс елдерінің бірінде ұсталып, Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерлерінің сүйемелдеуімен Астанаға жеткізілді деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Оған қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 257-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сот санкциясымен күдікті қамауға алынды, тергеу амалдары жалғасуда.

ҰҚК қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге мәліметтер жарияланбайтынын мәлімдеді.