homepage
Фото: egemen.kz

ТЖМ еліміз бойынша 13 тамызға дейін дауылды ескерту жариялады

11.08.2025, 09:24

2025 жылғы 11–13 тамыз күндері Қазақстанның бірқатар өңірінде қолайсыз ауа райы күтіледі деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Оңтүстік және оңтүстік-шығыста ауа температурасы +41°С-қа дейін көтеріліп, елдің көп бөлігінде өрт қаупі өте жоғары болады.

Синоптиктердің болжамынша, кей аймақтарда найзағай ойнап, бұршақ жаууы, дауыл мен шаңды дауыл тұруы мүмкін. Солтүстік және орталық өңірлерде түнде және таңертең тұман түседі.

Төтенше жағдайлар министрлігі тұрғындарға ауа райы болжамын қадағалап, аптап ыстықта ашық күн астында ұзақ болмауға және от тұтатпауға кеңес берді.