Алматыдағы Орталық стадионда өткен Дженнифер Лопестің концерті кезінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге Алматы қаласы ТЖД-нің 50-ден астам өрт сөндірушісі мен арнайы техникасы қатысты деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Құтқарушылар 25 мыңнан астам көрермен тамашалаған концерт басталар алдында және өту барысында эвакуация жолдарын тексеріп, өрт қауіпсіздігі талаптарының орындалуын қадағалады.
Арнайы жасақ шараны толық бақылауда ұстап, кез келген төтенше жағдайдың алдын алуға дайын тұрды. Алайда, концертте ешқандай мәселе туындамай, барлығы сәтімен аяқталды.