homepage
Фото: polisia.kz

Таразда полицейлер 30 млн теңгелік көлікті ұрламақ болған адамды ұстады

10.08.2025, 09:38

Таразда тәртіп сақшылары шамамен 30 миллион теңге тұратын жаңа автокөлікті заңсыз иеленуге бағытталған ірі алаяқтық әрекетті дер кезінде тоқтатып, көлікті иесіне қайтарды деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Павлодар қаласының тұрғыны Алматыдағы автосалоннан LI-9 маркалы жаңа көлік сатып алып, оны үйіне жеткізу үшін эвакуатор жалдайды. Алайда жолда бөтен адам өзін көліктің иесі ретінде таныстырып, жүргізушіден бағытты өзгертіп, көлікті тұраққа қалдыруды өтінген. Эвакуатор жүргізушісі оның сөзіне сеніп, нұсқауын орындағаннан кейін алаяқ екінші эвакуатор шақыртып, көлікті қала сыртына алып кетеді.

Көліктің GPS жүйесі арқылы жоспарланған бағыттан ауытқуды байқаған шынайы иесі бірден полицияға хабарласқан. Жедел басқару орталығы ақпаратты барлық патрульдік экипажға жеткізіп, патрульдік полиция батальоны қызметкерлерінің үйлесімді іс-қимылының нәтижесінде көлік қысқа уақыт ішінде табылып, иесіне қайтарылды.

Күдікті автосервиске апара жатқан жерінен ұсталып, оның көлікті жасырып, кейін сатуды көздегені анықталды.