homepage
Фото: inbusiness.kz

Қазақстандықтарды Оңтүстік Кореяда заңды жұмыс істеуіне мүмкіндік беру туралы талқыланды

08.08.2025, 12:33

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Асқарбек Ертаев Корея Республикасының елшісі Чжо Тэ-икпен кездесті. Тараптар қазақстандықтарды Оңтүстік Кореяда ресми жұмысқа жіберуге мүмкіндік беретін Employment Permit System (EPS) жүйесіне қосылудың алдағы қадамдарын талқылады деп хабарлайды Juzmedia.kz.

EPS — Кореядағы шетелдік жұмысшыларға рұқсат берудің бірыңғай мемлекеттік тетігі; оған қосылу қазақстандықтарға заңды, қауіпсіз және келісімшартпен еңбек етуге жол ашады.

Кездесуде қазақстандықтардың Кореяда тәртіпке келтірілген түрде жұмысқа орналасуын қамтамасыз етуге бағытталған ұлттық шаралар туралы ақпарат берілді.

Тараптар еңбек көші-қоны саласындағы ынтымақтастықты күшейтіп, практикалық келіссөздерді жалғастыруға уағдаласты.