КОМПАНИЯ ҚАЛАЙ ҚҰРЫЛДЫ?
Айта кетейік, Қазақстандағы ең ірі сауда желілерінің бірі 1992 жылы ашылған. Андрей Пак Алмас Сұлтанғазинмен бірге электроника сататын көтерме-бөлшек сауда желісін іске қосты. Олардың фамилияларының алғашқы буындарының тіркесімі Sulpak брендінің атауына айналды.
1995-1997 жылдары Пак Мәскеуде Sulpak-тың еншілес мекемелерін ашты. Екі жыл АҚШ-тың Калифорния штатында тұрып, нарықтық қатынастарды игерді.
Кәсіпкер 2001 жылы Алматыға қайта оралып, еліміздің барлық аймағында электронды және тұрмыстық техника сататын дүкендер желісін құрды.
ПАК ҮЛЕСІН САТЫП КЕТКЕН
Соңғы уақытта Андрей Пак негізінен Еуропада өмір сүрді. Кәсіпкер бірнеше жыл бұрын компаниядағы өз үлесін сатты.
Forbes Kazakhstan нұсқасы бойынша, «Arena S» ЖШС (Sulpak) 2023 жылы Қазақстанның ең ірі 50 компаниясының тізімінде сегізінші, ал Алмас Сұлтанғазиннің өзі ең бай кәсіпкерлердің рейтингінде 53-орын алды.
«Arena S» ЖШС-ның қазіргі иелері – Алмас Сұлтанғазин және ресейлік кәсіпкер Игорь Яковлев.
Кәсіпкерді еске алу кеші 13 қыркүйекте Алматыда өтеді. Бұл туралы оның қызы Светлана әлеуметтік желіде жазды.
«Juzmedia» - ақпараттық-ағартушылық портал. Қазақ қоғамының өсуі, өзгеруі тұсында болып жатқан құбылыстарды мүлт жібермейтін сенімді ақпарат көзі. Атауына қатысты түсініктеме бере кетсек: Елде болып жатқан әр іс-әрекеттің сыртында адам, адамның бет-бейнесі, ЖҮЗІ бар. Яғни, жауапкершілігі, ар-ожданы деген сөз. Мейлі қарапайым адам, мейлі шенеунік осы түсінік аясынан алшақтамаса.