АҚШ Венесуэла президенті Николас Мадуроны ұстауға арналған сыйақыны 50 миллион долларға дейін өсірді. Бұл – кезінде Усама бен Ладен үшін белгіленген сомадан да жоғары деп хабарлайды Juzmedia.kz Reuters-ке сілтеме жасап.
Вашингтон Мадуроны есірткі саудасы, қылмыстық топтармен байланысы және терроризмге қатысы бар деп айыптайды. АҚШ Бас прокуроры Пэм Бонди оның Tren de Aragua және Sinaloa картельдерімен серіктес екенін айтты.
Венесуэла Сыртқы істер министрі Иван Хиль бұл мәлімдемені «ең күлкілі саяси шоу» деп атап, елдің намысы саудаға салынбайтынын мәлімдеді.
Мадуроға алғашқы сыйақы 2020 жылы 15 млн доллар болып бекітілген еді. 2025 жылдың қаңтарында ол үшін 25 млн доллар белгіленді, ал қазір бұл сома екі еселеніп отыр.
АҚШ Мемлекеттік хатшысы Марко Рубио Мадуро «Cartel de los Soles» ұйымын он жылдан астам уақыт басқарып, АҚШ-қа есірткі жеткізуді ұйымдастырғанын мәлімдеді.