homepage
Фото: egemen.kz

Қазақстанда 8–10 тамыз күндері аптап ыстық пен дауыл қаупі күшейеді

08.08.2025, 08:57

Төтенше жағдайлар министрлігі 8–10 тамыз аралығында еліміздің бірқатар өңірінде ауа райының қолайсыз болатынын ескертті. Оңтүстік және батыс облыстарда температура +44 °C-қа дейін көтеріледі, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Сондай-ақ, көптеген аймақта өрт қаупі өте жоғары. Солтүстік, шығыс және орталық өңірлерде найзағай, бұршақ, дауыл және шаңды дауыл болуы мүмкін. Күшті желдің екпіні 20 м/с-қа дейін жетеді.

ТЖМ тұрғындарға ашық күн астында ұзақ тұрмауға, өрт қауіпсіздігін қатаң сақтауға және ресми ескертулерді жіті қадағалауға кеңес берді.