Атырау облысы Құрманғазы ауданының Құрманғазы ауылында 2 жасар бала ойнап жүріп кір жуғыш машинаға қысылып қалған. Анасы өздігінен шығара алмаған соң, құтқарушылар көмекке келіп, сәбиді аман алып шықты деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі жариялады.
Құтқару қызметі келгенше бала техника ішінде қысылып отырған. Мамандар оны сабырға шақырып, абайлап босатты.
Оқиға салдарынан бала зардап шеккен жоқ. Құтқарушылар ата-аналарға балаларды тұрмыстық техникадан қадағалаусыз қалдырмау туралы ескерту жасады.