homepage
Фото: juzmedia.kz

Берденовтың жүргізушісі: «Қолдарында қару болған жоқ»

07.08.2025, 20:09

Шымкентте қаралып жатқан атыс ісі бойынша сотта Руслан Берденовтың жүргізушісі куәлік берді. Оның айтуынша, атыс кезінде Берденов пен Жиембайдың қолында ешқандай қару болмаған, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Куәгер көлікте күтіп отырған кезде жәбірленуші мінбек болғанымен, дәл сол сәтте атыс басталғанын айтты. «Келе жатқанын айнадан көрдім. Отырған бойда атыс даусы шықты. Шокта болдым», – деді ол. Жүргізуші көлік тежегіштен абайсызда қозғалып кеткенін, бірақ жәбірленушіге қатты соғылмағанын, тек жеңіл тигенін мәлімдеді.

Сотта ол Руслан Берденовтің үсті қанап қалғанын, оған көмектесуге тырысқанын да айтты.

«Футболкамды қанға басып тұрдым. Екі қыз келіп, жедел жәрдем шақыруды сұрады», – деді куәгер.

Сондай-ақ ол бірнеше оқтың көлік жағынан атылғанын, ал атқан адамның көлік терезесі тұсында тұрғанын нақтылады. Куәгердің сөзінше, ол күдіктіні тоқтатуға ұмтылғанымен, белгісіз біреу келіп, оны жерге құлатып, шынжыр таққан.

Қорғаушының «Руслан Берденовтің өміріне қауіп төніп тұрды ма?» деген сұрағына жүргізуші «жоқ» деп жауап берді. Оның айтуынша, атыс алдында Берденов пен Жиембай арасында ешқандай жанжал болмаған.