homepage
Фото: egemen.kz

2025 жылы Қазақстанда 14 тоннадан астам есірткі тәркіленді

07.08.2025, 19:57

Жыл басынан бері елімізде 14 тоннадан астам есірткі заты тәркіленіп, синтетикалық өнім шығаратын 21 жасырын зертхана жойылды. Бұл туралы Бас прокуратурада өткен ведомствоаралық кеңесте айтылды деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Ресми мәліметке сәйкес, 2025 жылдың 7 айында еліміз бойынша есірткі өткізу деректері 16 пайызға артқан. Барлығы 1637 факт тіркелген. Құқық қорғау органдары есірткі таратумен айналысқан 14 қылмыстық топтың жолын кесті, оның екеуі трансұлттық деңгейде әрекет еткен. Сонымен қатар, үш шетелдік азамат жасырын зертхана ұйымдастырғаны үшін ұсталған.

Алматы облысының Нұра ауылында жойылған бір ғана зертханадан 8 тонна прекурсор мен 100 келіден астам дайын есірткі табылды. Павлодарда энергияны көп тұтынатын пәтерде “каннабис” өсімдігі өсіріліп, өнім интернет арқылы таратылғаны анықталған.

Тергеу барысында есірткі сатушылар пайдаланған 22 мың крипто әмиян табылып, 18 миллион АҚШ доллары көлеміндегі цифрлық активтер мен 10 миллиард теңгенің мүлкі тәркіленді. Соның ішінде 9 миллиарды арнайы прокурорлар тергеген істерге тиесілі.

Теги: