homepage
Фото: Аида Балаеваның facebook парақшасынан

Парижде тұратын этникалық қазақ “Қыз Жібек” иіссуын шығарды

07.08.2025, 16:57

Франция астанасында тұратын этникалық қазақ Нұржан Төлеген “Қыз Жібек” атты люкс санатындағы жаңа иіссуын таныстырды. Бұл жоба Tolegen Paris брендімен Париж нарығына шықты деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Нұржан Төлеген — Қытайдың Іле өңірінде туған, бүгінде Парижде тұратын азамат. Ол 17 ғасырдағы “Қыз Жібек” лирикалық жырынан шабыт алып, парфюм құтысын қазақы оюмен өрнектеп, сыртына сол жыр жолдарын да көркемдеп берген. Автор бұл иіссу арқылы қазақтың рухани болмысын әлемге танытуды мақсат еткен.

Төлегенмен Францияда кездескен Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазып, жобаға жоғары баға берді. Оның айтуынша, бұл бастама — Шығыс пен Батысты жалғайтын жаңа мәдени көпір бола алады.