homepage
Фото: Instagram/sadraddinn

SADRADDIN Дженнифер Лопестің Алматыдағы концерті алдында сахнаға шығады

07.08.2025, 16:24

SADRADDIN әлемдік поп-музыка жұлдызы Дженнифер Лопестің Алматыда өтетін концерті алдында pre-show форматында өнер көрсетеді. Бұл туралы концертті ұйымдастырушы First Media Group мәлімдеді деп хабарлайды Juzmedia.kz.

10 тамыз күні Орталық стадионда өтетін ауқымды шоу барысында танымал қазақстандық орындаушы көрерменді алғашқы болып қарсы алады. Концертке мыңдаған адам жиналуы күтіліп отыр.

Айта кетейік, бұған дейін Дженнифер Лопестің Астанадағы концертіне Қайрат Баекенов қатысқан болатын. Ал Алматыдағы кеште бұл мәртебе жас әнші SADRADDIN-ге бұйырып отыр.