homepage
Фото: Kursiv Media

Binance арқылы 400 млн теңге тапқан қазақстандық Дубайдан елге қайтарылды

07.08.2025, 15:58

Криптовалюта саудасымен заңсыз айналысты деген күдікпен іздеуде болған Қазақстан азаматы Біріккен Араб Әмірліктерінен экстрадицияланды. Бұл туралы Бас прокуратура мен Қаржылық мониторинг агенттігі хабарлады деп жазады Juzmedia.kz.

Ресми мәліметке сәйкес, күдікті 2022–2024 жылдары Binance криптобиржасы арқылы жеке тұлғаларға цифрлық активтерді сатқан, айырбастаған және сатып алған. Ол бұл әрекетті лицензиясыз жүзеге асырып, 400 млн теңге көлемінде заңсыз табыс тапқан. Қылмыстық қудалаудан жасырынғаны үшін халықаралық іздеу жарияланған.

Биыл ақпанда күдікті Дубайда ұсталып, Қазақстан Бас прокуратурасының сұрауымен елге жеткізілді. Қазір ол тергеу изоляторына қамалды.

Аталған қылмыс бойынша заңда мүлкін тәркілеу және бес жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.