homepage
Фото: Ұлттық статистика бюросы

Қазақстанда Абай есімді 18 мыңнан астам адам бар

07.08.2025, 11:41

Елімізде Абай есімімен тіркелген азаматтардың саны 18 763-ке жеткен. Олардың басым бөлігі Астана, Түркістан облысы және Алматы қаласында тұрады деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Ұлттық статистика бюросының дерегінше, Астана қаласында – 2 089, Түркістан облысында – 2 018, ал Алматыда – 1 719 адам Абай есімді. Бұл есім иелерінің ең үлкені 1932 жылы дүниеге келген. Ал ең көп таралған жас тобы – 30–34 жас аралығы, бұл санатта 3 228 адам бар.

Биылғы бірінші жартыжылдықта 157 нәрестеге Абай есімі берілген. Сондай-ақ, бұл есімді қыздарға да қойған: елімізде Абай есімді 10 әйел тіркелген. Ал Абайдың шын есімі Ибраһимнің әртүрлі нұсқалары бойынша (Ибрагим, Ибрахим) тіркелген азаматтар саны – 35 404 адам.

Ақынның құрметіне Қазақстанда 1 облыс, 1 қала, 3 аудан және 26 ауылға Абай есімі берілген.