homepage
Фото: Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

Еңбек министрлігі: «70 мың теңге төленеді» деген хабарлама — жалған

07.08.2025, 10:09

1949–2010 жылдар аралығында туған азаматтарға 70 мың теңге беріледі деген ақпарат шындыққа жанаспайды. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәлімдеді деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Министрлік әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде тарап жатқан сілтемелер алаяқтар тарапынан ұйымдастырылғанын ескертеді. Ондай сілтемелер арқылы жеке деректерді заңсыз жолмен алу қаупі жоғары. Сондықтан азаматтарға мұндай сілтемелерге өтпеуге және алаяқтармен байланыс орнатпауға кеңес беріледі.

«Мемлекеттік қолдаудың мұндай түрі жоқ. Ресми ақпарат тек 1414 нөмірінен SMS түрінде жіберіледі», – делінген министрлік хабарламасында.

Ведомство тұрғындардан тек ресми дереккөздерге сенуді сұрайды және жалған ақпарат таратудың заңмен жазаланатынын ескертеді.

Теги: