Пара алу ісі бойынша ұсталған Орал қалалық сотының төрағасы Руслан Жұмағұлов небәрі 10 тәулікке қамауға алынады, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
КҮДІКТІЛЕРДІ ҚАМАУҒА АЛУ ТУРАЛЫ САНКЦИЯ БЕРІЛДІ
Астананың тергеу соты Орал қалалық сотының төрағасын 10 тәулікке қамауға алуды санкциялады. «Ал онымен бірге ұсталған адвокат Нұржігіт Фазылғалиевті ешқайда кетпеу туралы тілхатпен босатқан. Ол Ақжайық ауданындағы уақытша ұстау изоляторынан шығарылды», - деп хабарлайды «Уральская неделя» басылымы дереккөзге сілтеме жасап.
ҰҚК ӨТІНІШІ
ҰҚК өтініші 6 қарашада Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу сотында қаралды.
Астана тергеу соты «ақпаратты БАҚ-қа беру құзырына кірмейтінін» айтып, қабылданған шешімге қатысты мәлімет беруден бас тартқан.
ІСТІҢ МӘН-ЖАЙЫ
Орал қалалық сотының төрағасы Руслан Жұмағұлов 4 қарашада ұсталып, сол түні Теректі аудандық полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына жеткізілді. Онымен бірге адвокаттар – Әділ Ақмолдин мен Нұржігіт Фазылғалиев те қамауға алынды.
Олар «сотталған адамның пайдасына оң шешім шығару үшін 1,5 миллион теңге көлемінде пара алды» деген күдікке ілінген.
Шұғыл тергеу шараларымен ҰҚК орталық аппараты мен БҚО департаментінің қызметкерлері айналысып жатыр.
«Juzmedia» - ақпараттық-ағартушылық портал. Қазақ қоғамының өсуі, өзгеруі тұсында болып жатқан құбылыстарды мүлт жібермейтін сенімді ақпарат көзі. Атауына қатысты түсініктеме бере кетсек: Елде болып жатқан әр іс-әрекеттің сыртында адам, адамның бет-бейнесі, ЖҮЗІ бар. Яғни, жауапкершілігі, ар-ожданы деген сөз. Мейлі қарапайым адам, мейлі шенеунік осы түсінік аясынан алшақтамаса.