homepage
Фото: egemen.kz

7 тамызда бірқатар өңірде аптап ыстық, ал солтүстікте бұршақ пен найзағай күтіледі

07.08.2025, 08:55

Бүгін еліміздің оңтүстігінде 40 градустан асатын аптап ыстық сақталады, ал солтүстік пен шығыста бұршақ, найзағай, дауыл мен күшті жел жүреді. Бұл туралы Қазгидромет мәлімдеді деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Қызылорда, Түркістан, Маңғыстау, Алматы, Жамбыл және Атырау облыстарында ауа температурасы +37…+44°С-қа дейін көтерілмек. Көп өңірде төтенше өрт қаупі жарияланған.

Ал Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Абай және Ұлытау облыстарында бұршақ жауып, найзағай ойнап, жел екпіні 25 м/с-қа дейін жетуі мүмкін. Кей жерлерде тұман түседі.

Астанада бүгін күндіз бұршақ жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі. Ал Шымкент пен Қызылордада өрт қаупі жоғары деңгейде.

Метеорологтар жолға шығатын азаматтарға ауа райы болжамын қаперде ұстауға кеңес беріп отыр.