Маңғыстау облысында жүргізілген тексеріс кезінде автомектептердің 1000-нан аса жалған куәлік бергені және 100-ден астам заңбұзушылыққа жол бергені белгілі болды. Бұл туралы облыстық прокуратура хабарлады, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Бақылау нәтижесінде жүргізушілерге қорытынды сабақ пен емтихан өткізілмегені, медициналық тексерістен өтпегені, оқу кестесі бекітілмегені, сондай-ақ кей көліктердің тежеуіш жүйелері талапқа сай жабдықталмағаны анықталды. Тіпті кей автомектептердің атына тіркелген көлік мүлде болмаған, яғни практикалық оқу жүргізуге де мүмкіндіктері жоқ болған.
Заңбұзушылықтар үшін автомектеп басшылары әкімшілік жауапқа тартылды. Ал екі оқу орнының қызметі толық тоқтатылды. Прокуратура мәліметінше, тексеріс нәтижелері тиісті органдарға жолданған.