homepage
Фото: коллаж kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Берденовке оқ атқан күдікті қызғаныштан әрекет еткенін айтты

06.08.2025, 11:45

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовке оқ атты деген күдікпен сотқа тартылған Ернар Жиембай бұл әрекетке қызғанышпен барғанын мәлімдеді. Соттағы алғашқы жауап беру кезінде ол атқан оғын қорқыту үшін ғана қолданғанын, алайда айыптаудағы «адам өлтіруге оқталу» бабы шындыққа сай емес екенін айтты деп хабарлайды Juzmedia.kz kursiv.media сайтына сілтеме жасап.

Жиембай — қалалық тұрғын үй басқармасына қарасты «Тұрғын үй Шымкент» ЖШС-нің бұрынғы директоры. Қазір ол «Адам өлтіру» және «Қылмысқа дайындалу және оқталу» баптары бойынша айыпталып отыр.

«Өкінемін, бұған себеп – қызғаныш. Ар-ұжданым, намысым деп айтам. Жұмысқа қатысы жоқ», – деді ол сот залында.

Оқиға 21 сәуір күні кешке әкімдік ғимараты алдында болған. Руслан Берденов бірнеше жерінен жараланып, ауруханаға түскен еді. Жиембай оқиға орнында ұсталып, қамауға алынды. Сот процесі бүгін басталды.