homepage
Фото: baq.kz

6 тамызда Қазақстанның бірнеше өңірінде аптап ыстық пен шаңды дауыл күтіледі

06.08.2025, 09:00

6 тамызда еліміздің оңтүстігі мен батысында күн +44 градусқа дейін ысиды. Қазгидрометтің болжамынша, бірнеше облыста төтенше өрт қаупі сақталады, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Атырау, Маңғыстау, Қызылорда және Түркістан облыстарында қатты ыстықпен қатар, өрт қаупі өте жоғары. Ал Қызылорда мен Түркістанда күндіз шаңды дауыл тұруы мүмкін.

Солтүстік және орталық өңірлерде керісінше, ауа температурасы төмендеп, тұман күтіледі. Астана қаласында, сондай-ақ СҚО, Ақмола, Павлодар және Абай облыстарында таңертең көру мүмкіндігі нашарлауы ықтимал.

Алматы, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Жетісу, Жамбыл және тағы бірқатар облыста найзағай ойнап, желдің екпіні 28 м/с-қа дейін күшеюі мүмкін.