Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Теңізге шығар жолы жоқ дамушы елдерге арналған БҰҰ-ның үшінші конференциясында сөйлеген сөзінде, Орталық Азия мен Ауғанстан елдері үшін орнықты даму мақсатында БҰҰ өңірлік орталығын Алматы қаласында ашылатынын жария етті деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Мемлекет басшысы бұл бастаманың тек Қазақстан үшін ғана емес, тұтас өңір үшін маңызды екенін атап өтті. Жаңа орталық аймақтағы елдердің жаһандық даму күн тәртібіне енуіне мүмкіндік береді. Оның айтуынша, теңізге шыға алмайтын елдер географияның шектеуіне қарамастан, халықаралық ынтымақтастық арқылы өсімге қол жеткізе алады.
Президенттің айтуынша, қазіргі таңда әлемдегі мұндай 32 елде жарты миллиардтан астам адам тұрады және олардың басым бөлігі жаһандық нарыққа жол табуда, технология мен қаржыға қол жеткізуде кедергілерге тап болып отыр. Осыған байланысты Қазақстан бұл елдерге арналған жаңа даму құралдары мен ынтымақтастық тетіктерін құруды қолдайды.