homepage
Фото: Туризм және спорт министрлігі

Үкімет Маңғыстаудың туризмін дамытуға кірісті

05.08.2025, 11:04

Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, Үкімет 2025–2029 жылдарға арналған «Маңғыстау» туристік аймағын дамытудың кешенді жоспарын бекітті. Құжатта инфрақұрылым, логистика, қауіпсіздік, цифрландыру, инвестиция тарту және кадр даярлау секілді 9 бағыт бойынша нақты жұмыстар белгіленген деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Жоспардың басты нысаны – Кендірлі туристік аймағы. Мұнда жолдар жөнделіп, электр мен су тартылып, жаңа әуежай салынады.

Сонымен қатар Ақтауда теңіз вокзалы мен халықаралық деңгейдегі стадион салу көзделген. Туризмді ілгерілету үшін мәдени-спорттық іс-шаралар ұйымдастырылады.

Үкімет болжамынша, 2029 жылға қарай ішкі туристер саны 430 мыңнан 520 мыңға, шетелдік туристер 89 мыңнан 143 мыңға дейін артады.

Туризм саласында жұмыспен қамтылғандар саны 1,7 мыңнан 2,7 мың адамға өсіп, жеке инвестиция көлемі 198,9 млрд теңгеге дейін жетпек.