homepage
Қазақ үні

Ақтөбелік өрт сөндірушілер 40 адамды өрттен құтқарып қалды

04.08.2025, 17:31

Ақтөбеде бес қабатты үйдің бірінші қабатында электр қалқаншасынан өрт шығып, Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері 3 бала мен 42 адамды қауіпсіз жерге шығарды, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Оқиға Астана ауданындағы Гришина көшесінде болған. Өрт сөндірушілер оқиға орнына жедел жетіп, жалынды дер кезінде оқшаулап, толық сөндірген.

Министрлік зардап шеккендер жоқ екенін мәлімдеді. Қазір өрттің себебі анықталып жатыр.