Қазақстандық спортшылар өткен аптада төрт халықаралық жарыстан жүлдемен оралды. Бұл туралы Туризм және спорт министрлігі ресми хабарлады, деп жазады Juzmedia.kz.
Семсерлесуден Қазақстан құрамасы алғаш рет әлем чемпионатының жүлдесіне қол жеткізді. Тбилисиде өткен сайыста ұлттық құрама тоғыз мәрте Олимпиада чемпионы атанған Францияны жеңіп, қола медаль иеленді.
Алматыда өткен дәстүрлі Ғұсман Қосанов мемориалында жеңіл атлеттер 6 алтын, 12 күміс және 16 қола медаль жеңіп алып, жарысты жалпыкомандалық есепте үздіктер қатарында аяқтады.
Грекияда 17 жасқа дейінгі балуандар арасындағы әлем чемпионатында жасөспірім палуандар 2 алтын, 2 күміс және 7 қола медаль жеңіп алды.
Пара таеквондошылар да құрлықтық додада олжа салды. Малайзияда өткен жарыста олар 3 алтын, 3 күміс және 5 қола жүлдемен оралды.