Теректі ауданының бұрынғы әкімі Жеңіс Серікқалиев 11 жылға сотталып, 8 жылдан кейін бостандыққа шықты, деп хабарлайды Juzmedia.kz порталы "Мой город" басылымына сілтеме жасап.
НЕГЕ ЖАЗАСЫН ТЕК 8 ЖЫЛ ӨТЕП ШЫҚТЫ
Жеңіс Серікқалиев сегіз жылын қамауда өткізді. Бұрынғы шенеуніктің толық жаза мерзімі биылғы сәуір айында шартты жазаға ауыстырылып үлгерген. Алайда енді ғана жария болып отыр.
Жаза мерзімі 2027 жылдың 14 наурызында аяқталуы керек еді.
КІСІ ӨЛТІРУДІ ДОСЫНА ТАПСЫРҒАН
2016 жылы Серікқалиев өзінің көңілдесін өлтіруге тапсырыс бергені үшін кінәлі деп танылды.
“Іс материалдарына сәйкес, ол өзінің досынан, яғни Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысынан «екеуара қарым-қатынасы мен мен ортақ қызы бар екенін айтамын» деп бопсалап, қорқытып жүрген әйелді өлтіруді өтінген. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы жүргізуші жалдап, оған кісі өлтіргені үшін 500 мың теңге беруді уәде еткен. Шабуыл салдарынан жәбірленуші әйел бірнеше пышақ жарақатын алғанымен, аман қалып, қылмыскерді анықтай алған”, – делінген хабарламада.
СОТ ҮКІМІ
Бұрынғы әкім мен оның сыбайластарына үкім 2016 жылдың 1 қыркүйегінде шыққан. Оларға 10 жылдан 11 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын қатаң режимдегі колонияда өтеу туралы үкім кесілді. Алайда Серікқалиев түрмеде отырған жылдары режимді бұзбай, іс-шараларға белсене қатысып жүрген, тіпті 15 рет ынталандыру алған, осылайша, жазасын жеңілдетуге өтініш беруге рұқсат ететін мүмкіндік берілген.
Сондай-ақ жәбірленушінің өзі сот отырысынан кейін Серікқалиевті кінәсіз деп санайтынын және үкімге шағымданатынын айтқан.
«Juzmedia» - ақпараттық-ағартушылық портал. Қазақ қоғамының өсуі, өзгеруі тұсында болып жатқан құбылыстарды мүлт жібермейтін сенімді ақпарат көзі. Атауына қатысты түсініктеме бере кетсек: Елде болып жатқан әр іс-әрекеттің сыртында адам, адамның бет-бейнесі, ЖҮЗІ бар. Яғни, жауапкершілігі, ар-ожданы деген сөз. Мейлі қарапайым адам, мейлі шенеунік осы түсінік аясынан алшақтамаса.