Алматы облысының прокуратурасы Хасан Касымбаевқа қатысты қылмыстық істің сотқа жолданғанын растады деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Іс 2025 жылдың 29 шілдесінде Талғар аудандық сотына түскен. Касымбаевқа “адам ұрлау”, “денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру” және “қорқытып алу” баптары бойынша айып тағылған.
Ол 2024 жылдың соңында 16 жастағы Шерзат Болаттың өліміне байланысты резонансты іспен елге таныла бастады. Жергілікті тұрғындар мен БАҚ оны бейресми түрде “Хуторлықтар” деп аталатын қылмыстық топтың басшысы ретінде атайды. Бірақ Касымбаев бұл айыптауларды мойындамайды.