Бүгін Қазақстанның аэроғарыш тарихында өшпес із қалдырған, үш мәрте ғарышқа сапар шеккен ұшқыш-ғарышкер, Халық қаһарманы Талғат Мұсабаев 74 жасында дүние салды деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев марқұмның отбасына көңіл айтып, жеделхат жолдады. Президент Мұсабаевтың ерлігі мен елге сіңірген еңбегін атап өтті. «Талғат Амангелдіұлының жарқын бейнесі ұмытылмайды», – делінген жеделхатта.
Талғат Мұсабаев ғарышқа 1994, 1998 және 2001 жылдары ұшты. Екінші сапарында бір ай ішінде бес рет ашық ғарышқа шығып, Гиннестің рекордтар кітабына енді. Ғарышкер ретінде ғана емес, мемлекет және қоғам қайраткері ретінде де ел дамуына үлес қосқан Мұсабаев ұзақ жылдар бойы Қазақстанның ғарыш агенттігін басқарды.