homepage
Фото: UN News

БҰҰ Бас хатшысы Гутерриш Қазақстанға келеді

01.08.2025, 10:56

3 тамызда Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Антониу Гутерриш Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Қазақстанға ресми сапармен келеді. Бұл туралы Ақорда хабарлады, деп жазады Juzmedia.kz.

Сапар аясында Алматы қаласында Тоқаев пен Гутерриш келіссөздер жүргізіп, өңірлік және жаһандық күн тәртібіндегі мәселелерді талқылайды. Сондай-ақ олар БҰҰ-ның Орталық Азия мен Ауғанстанға арналған орнықты даму мақсаттары жөніндегі өңірлік орталығының жұмысымен танысады.

Антониу Гутерриш Қазақстанға Бас хатшы ретінде алғаш рет 2017 жылы келген болатын. Бұл жолғы сапардың өңірлік тұрақтылық пен халықаралық серіктестікті дамыту тұрғысынан маңызы зор.