homepage
Фото: el.kz

Шілде айында 4 мыңнан астам шетел азаматы шекара тәртібін бұзған

01.08.2025, 09:50

2025 жылғы шілде айында ҰҚК Шекара қызметі шекара тәртібін бұзған 4 725 адамды ұстады, оның ішінде 4 132-сі шетел азаматтары болған, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

ҰҚК баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, аталған кезеңде 1 462 заңсыз алып өту әрекетінің жолы кесілген. Оның ішінде 60 жағдайда қару мен оқ-дәрі, 627 дана діни әдебиет, 35 тоннаға жуық жанар-жағармай, жалпы құны 4,2 млрд теңгеден асатын халық тұтыну тауарлары және 1,7 млрд теңгенің шетел валютасы тәркіленген.

Каспий теңізінде де 51 браконьерлік әрекет тоқтатылған. 14 жүзу құралы мен 20 шақырымға жуық торлы аулау құралдары алынды. Табиғатқа келтірілуі мүмкін залал сомасы 116 млн теңгеге бағаланып отыр.

Сонымен қатар, 4 тамыздан бастап «Сырым» өткізу пунктінде жүк көлігінен басқа барлық көлік түріне шекарадан өтуге уақытша шектеу енгізілетіні хабарланды. Шектеу құрылыс-монтаж жұмыстарына байланысты енгізіліп отыр. Қалған өткізу бекеттері бұрынғыдай жұмыс істейді.