homepage
Apollo Hospitals

Қант диабетін емдеу енді бәріне тегін болмайды

31.07.2025, 17:45

Қазақстанда қант диабеті бұрынғыдай жаппай тегін емделмейді. Денсаулық сақтау министрлігі бұл ауруды енді міндетті медициналық сақтандыру арқылы ғана қаржыландыратынын мәлімдеді, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Бұрын қант диабеті әлеуметтік мәні бар ауру ретінде мемлекет есебінен тегін емделетін. Енді ол медициналық сақтандыру пакеті арқылы ғана қамтылады. Яғни, кім сақтандырылған — сол ем алады, ал сақтандырылмағандар дәрі-дәрмек пен заманауи ем түрлерінен тыс қалуы мүмкін.

Мамандар бұл өзгеріс науқастар үшін зиян емес, керісінше, жүйені тұрақты қаржыландыруға жол ашады деп сендіріп отыр. Бірақ нақты өмірде сақтандыруы жоқ адамдар үшін емге қолжетімділік қиындайтыны анық.

Қазір елде қант диабетімен тіркеуде тұрғандар саны 535 мыңнан асады. Оның басым бөлігі — 2 типті диабет, яғни артық салмақ пен өмір салтына байланысты дамитын түрі. 2026 жылдан бастап бұл ауруға жаппай тексеру (скрининг) енгізіледі, бірақ ол тек анықтауға бағытталған — емнің өзі сақтандыруға тәуелді болады.

Сонымен қатар, бұрын қолданылып жүрген кейбір инсулин түрлері енді сатып алынбайды. Мысалы, detemir инсулині 2026 жылдан бастап мүлде қолжетімді болмайды. Оның орнына басқа инсулин беріледі, бірақ ол да тек сақтандырылған адамдарға ғана тегін болады.