homepage
Әділет газеті

2026 жылдан бастап қант диабетіне жаппай скрининг жүргізіледі

31.07.2025, 16:14

Қазақстанда қант диабетін ерте анықтауға арналған тексеру екі жылдан кейін бүкіл халықты қамти бастайды. Денсаулық сақтау министрлігі 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап бұл скринингті сақтандырылғанына қарамастан барлық азаматқа жүргізетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Бұған дейін мұндай тексеру тек әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне қатысқандарға ғана жасалатын. Енді оны Тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі аясында өткізу көзделіп отыр.

Қазір елімізде 535 мыңнан астам адам қант диабетімен тіркеуде тұр. Оның 95 пайызы – екінші типтегі, яғни артық салмақ пен отырықшы өмір салтымен байланысты диабет. Министрлік бұл қадам ауруды ерте кезеңде анықтап, асқыну қаупін азайтады деп отыр.