Ол алған жарақаттарынан қайтыс болды, деп хабарлайды Juzmedia.kz тілшісі Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
АДАМ ӨЛІМІНЕ СЕБЕП БОЛҒАН ЖЕЛ
Белгілі болғандай, әйел адамды қатты желден құлаған ағаш басып қалған.
Облыстық жедел жәрдем станциясы баспасөз қызметінің мәліметінше, 7 қарашада 09:37-де Естай көшесіндегі үй ауласында адамға ағаш құлады деген деген хабарлама келіп түсті. Жедел жәрдем бригадасы оқиға орнына 6 минутта жетті.
– 67 жастағы зардап шеккен әйел өмірімен сәйкес келмейтін жарақаттардан мерт болды: екі жіліншіктің, кеуде қуысының, жамбас сүйектерінің сынуы, омыртқаның жабық сынуы, ішкі органдардың жарақаттары, 3-4 дәрежелі травматикалық шок, – деді станциядан.
ОҚУШЫЛАР ҚАШЫҚТАН ОҚИДЫ
Синоптиктер бейсенбі күні желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр, екпіні 23-28, кейде 30 және одан да көп жетеді деп болжаған.
Қатты желден Павлодар қаласының мектептерінде 1-ауысымдағы мектепалды, 1-11-сынып оқушыларының, колледждерде 1-2 курс студенттердің сабақтары қашықтан оқыту форматына ауыстырылды.
«Juzmedia» - ақпараттық-ағартушылық портал. Қазақ қоғамының өсуі, өзгеруі тұсында болып жатқан құбылыстарды мүлт жібермейтін сенімді ақпарат көзі. Атауына қатысты түсініктеме бере кетсек: Елде болып жатқан әр іс-әрекеттің сыртында адам, адамның бет-бейнесі, ЖҮЗІ бар. Яғни, жауапкершілігі, ар-ожданы деген сөз. Мейлі қарапайым адам, мейлі шенеунік осы түсінік аясынан алшақтамаса.