homepage
Фото: egemen.kz

Қазақстандағы үшінші АЭС-ті Қытай компаниясы салатын болды

31.07.2025, 14:59

Үкімет Қазақстандағы үшінші атом электр станциясын қытайлық компания салатынын мәлімдеді. Бұл туралы Премьер-Министрдің орынбасары Роман Скляр министрлер кабинетінде өткен брифингте айтты, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Склярдың айтуынша, болашақ станцияның жобалық-сметалық құжаттары мен техникалық-экономикалық негіздемесі әлі әзірленіп жатыр. Сондықтан құрылыс құны мен нақты шарттар белгісіз күйінде қалып отыр. Үкіметаралық келісімдер алдымен Ресеймен талқыланып, кейін парламент қарауына ұсынылады.

Үшінші станцияны да екінші АЭС секілді Қытай компаниясы салмақ. Алайда жаңа АЭС-тердің нақты қайда салынатыны әзірге айтылған жоқ.

Роман Склярдың сөзінше, Атом энергетикасы агенттігі қазір орналасатын аумақты анықтап жатыр. Станция үшін су көзі мен электр тарату желілері шешуші рөл атқарады. Оның айтуынша, станцияның орны биыл жариялануы мүмкін.