Олимпиада және әлем чемпионы Лаура Дальмайер Пәкістандағы Лайла шыңына көтеріліп бара жатып, тас көшкінінің астында қалып қаза тапты. Бұл туралы Juzmedia.kz Reuters агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Неміс спортшысы 28 шілдеде серігімен бірге 6096 метрлік Лайла шыңына шығуға талпынып, сол күні жоғалып кеткен. Оның денесі келесі күні табылып, өлімі ресми түрде 30 шілдеде расталды. Пәкістан билігінің мәліметінше, қайғылы оқиға тас көшкінінен болған.
31 жастағы Лаура Дальмайер 2018 жылғы қысқы Олимпиадада екі алтын, бір қола медаль жеңіп алған. Сонымен қатар ол – жеті дүркін әлем чемпионы. 2019 жылы кәсіби спорттан кетіп, альпинизмге бет бұрған.