homepage
Фото: gov.kz

Шағым жазғанда жалған ақпарат таратуға болмайды – Конституциялық Сот

30.07.2025, 14:25

Егер біреу мемлекеттік органға шағым жазып, сол арқылы басқа адамға жала жапса – ол үшін жауап береді.Конституциялық Сот осындай ұстаным білдіріп, бұл жағдайда адам өз пікірін білдірді деп ақталып шыға алмайтынын айтты деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Оқиға былай болған: бір азамат білім басқармасына «E-otinish» арқылы шағым жазады. Шағымында бір қызметкер туралы шындыққа сәйкес келмейтін, ар-намысына тиетін сөздер келтірген. Сот бұл әрекетті жала жабу деп танып, оны жауапқа тартады. Азамат бұған келіспей, бұл шешім Конституцияға қайшы деп, сотқа қайта шағымданған.

Бірақ Конституциялық Сот оны қолдамады. Соттың айтуынша, пікір айту құқығы бар болғанымен, ол басқа адамның ар-намысын таптауға себеп болмауы керек. Сондықтан мемлекеттік органға жазылған шағымның өзі де адамды жала үшін жауапкершіліктен босатпайды.