homepage
Фото: Tengizchevroil.com

«Теңізшевройл» компаниясына 639 миллион теңге айыппұл салынды

29.07.2025, 22:21

Прокуратура «Теңізшевройл» компаниясына 49 тоннадан астам зиянды қалдықты рұқсатсыз шығарғаны үшін 639,6 миллион теңге айыппұл салды деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Табиғатты қорғау прокурорларының мәліметінше, компания 2023 жылдың екінші жартысында және 2024 жылдың алғашқы жартысында атмосфераға экологиялық шектеуден тыс ластаушы заттарды тастаған. Оның ішінде 4,9 тонна қалдық мүлде рұқсатсыз шығарылған.

Әкімшілік іс сотта қаралып, айыппұл салу туралы шешім заңды күшіне енді. Прокуратура аймақтағы ауа сапасын бақылау жұмысын жалғастыра беретінін мәлімдеді.