Конституциялық Сот шетелдіктердің қоғамдық бірлестік құруына тыйым салу Қазақстан Конституциясына қайшы емес деп тапты. Бұл шешім Ресей азаматының бастамасымен тіркелмек болған қоғамдық ұйымға Әділет департаменті рұқсат бермегеннен кейін қабылданды деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Сот қаулысында «Қоғамдық бірлестіктер туралы» заңдағы талаптар Конституцияның 39-бабына және халықаралық құқық нормаларына сәйкес екені айтылған. Яғни, Қазақстанда қоғамдық бірлестік құрылтайшысы болу құқығы тек азаматтарға ғана берілген. Шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар тек мүшесі бола алады, егер бұл ұйым жарғысында қарастырылса.
Конституциялық Сот бұл шектеу заңды деп танып, өтініш берушінің конституциялық құқығы бұзылмағанын мәлімдеді.