Қазақстанда ардагерлерге арналған арнаулы мемлекеттік жәрдемақыға биыл 17 миллиард теңге қарастырылды. Бұл былтыр төленген 8,5 миллиард теңгемен салыстырғанда екі есе көп. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәлімдеді.деп хабарлайды Juzmedia.kz.
2025 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша елде 80 932 ардагер тұрады. Олардың ішінде Ұлы Отан соғысына қатысқан 96 адам, сол соғысқа теңестірілген 16 630 ардагер, басқа елдерде ұрыс қимылдарына қатысқан 26 580 ардагер және 37 626 тыл еңбеккері бар.
ҰОС ардагерлері биыл ай сайын 62 912 теңге алады. Теңестірілгендерге – 24 мыңнан 29 мың теңгеге дейін, Ауған соғысы ардагерлеріне – 24 339 теңге, тыл еңбеккерлеріне – 8 376 теңге көлемінде төлем жүргізіледі. Бұл жәрдемақылар азаматтардың басқа әлеуметтік төлемдеріне қосымша ретінде беріледі.