homepage
Фото: juzmedia.kz

Ұлының еміне деп халықтан 1,3 млрд теңге жинаған ерлі-зайыптының ісі сотқа жетті

29.07.2025, 10:42

Астанада Қаржылық мониторинг агенттігі ұлының еміне деп елден ақша жинап, кейін оны өз қажетіне жұмсаған ерлі-зайыптыға қатысты тергеуді аяқтады, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, олар әлеуметтік желі арқылы жүрекке әсер ететін жазбалар мен бейнероликтер таратып, жарнама беріп, 1,3 млрд теңгеден астам қаражат жинаған. Алайда емге оның тек 6,4 млн теңгесі ғана жұмсалады.

Қалған ақшаға Нұр-Сұлтанда үш пәтер, жер телімі, бес көлік сатып алып, бір бөлігі құмар ойындарға кеткен. Түркиядағы қымбат операцияны сылтау етіп, елден тағы қаражат жинағанымен, шетелге бармай, тек «ұшып бара жатқандай» көрініс түсіріп жариялайды. Жиналған ақшаның үштен бірі өз парақшаларын жарнамалауға кетеді.

Қазір сотқа дейінгі тергеу аяқталған. Ерлі-зайыпты үйқамақта. Барлық дүние-мүлкіне тыйым салынған.