Ресейлік блогер Михаил Гребенюк қазақстандық шоколадтың дәмін сынаған видеосынан кейін халық наразылығына ұшырап, жұрттан кешірім сұрады. Ол бұл туралы Telegram парақшасында жазды деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Гребенюк өз сөзінде шын мәнінде мәселе дәмде емес, ұлттық мақтанышта екенін кеш түсінгенін мойындады. «Бұл жай ғана шоколад емес, бұл – ұлттық символ, мақтаныш пен қазақ бауырларымыздың махаббаты», – деп жазды ол.
Блогер бұл дәмнің аға буын үшін балалық шақпен, естеліктермен және отбасылық жылылықпен байланысты екенін атап өтті. Сондай-ақ өз сөзін «надандық» деп бағалап, мұндай жағдайдан маңызды сабақ алғанын айтты.
«Қазақстанды жақсы көремін. Әкем Алматыда туған. Болашақта бұл шоколадты сатып алып, сыйлап, ұлттық мақтанышты бірге бөлісуге уәде берем», – деді Гребенюк.