homepage
Фото: Туризм және спорт министрлігі

Қазақ спортшылары Азияда, Еуропада және UFC-де жеңіске жетті

28.07.2025, 14:49

Қазақстандық спортшылар шілде айының соңында өткен бірнеше халықаралық жарыста табысты өнер көрсетіп, ел қоржынына ондаған жүлде салды. Бұл туралы Juzmedia.kz ҚР Туризм және спорт министрлігі таратқан ақпаратқа сүйеніп хабарлайды.

Таеквондо
Малайзияның Кучинг қаласында өткен жастар арасындағы Азия чемпионатында қазақ таеквондошылары 3 алтын, 1 күміс және 7 қола медаль жеңіп алды. Жалпыкомандалық есепте Қазақстан үздік үштікке енді.

Үстел теннисі
Алматыда өткен WTT Youth Contender халықаралық турнирінде Қазақстан құрамасы 7 медаль еншіледі. Қоржында – 2 күміс пен 5 қола.

Жазғы Универсиада
Германияда өткен 2025 жылғы жазғы Дүниежүзілік Универсиада жарысында отандық студент-спортшылар 1 алтын мен 10 қола медаль жеңіп алып, жалпы есепте 37-орыннан көрінді.

Теннис
Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик Аустрияның Кицбюэль қаласында өткен ATP 250 турнирінде жеңімпаз атанды. Финалда ол франциялық Артур Казоны 6:4, 6:3 есебімен ұтып, биылғы үшінші, жалпы жетінші ATP титулына қол жеткізді.

Аралас жекпе-жек (UFC)
Абу-Дабиде өткен UFC турнирінде қазақстандық файтер Асу Алмабаев (21-3-0) кезекті жеңісіне қол жеткізді. Ол қарсыласын төрешілер шешімімен жеңіп, сегізбұрыштағы үздік нәтижелерінің санын арттырды.