Қазақстан мектептерінде 2025–2026 оқу жылы 2 қыркүйекте басталып, 2026 жылғы 25 мамырда аяқталады. Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрлігі жариялаған ресми бұйрықта айтылған деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Білім күніне арналған салтанатты жиынның уақыты мен күні мектептердің педагогикалық кеңесі шешімімен белгіленеді. Жаңа оқу жылындағы тоқсан мен демалыс мерзімдері келесідей:
Бірінші тоқсан – 8 оқу аптасы. Күзгі демалыс 2025 жылғы 27 қазанда басталып, 2 қарашаны қоса алғанда 7 күнге созылады.
Екінші тоқсан – 8 апта. Қысқы демалыс 2025 жылғы 29 желтоқсаннан басталып, 2026 жылғы 7 қаңтарды қоса алғандағы 10 күнді қамтиды.
Бірінші сынып оқушыларына арналған қосымша демалыс – 2026 жылғы 9–15 ақпан аралығында (7 күн).
Үшінші тоқсан – 10 апта. Көктемгі демалыс 2026 жылғы 19 наурызда басталып, 29 наурызды қоса алғандағы 11 күнге жалғасады.
Төртінші тоқсан – 8 апта, оқу жылы 2026 жылғы 25 мамырда аяқталады.
Министрлік бекіткен бұл тәртіп барлық орта білім беру ұйымдарына ортақ.