homepage
Фото: Ұлттық статистика бюросы

Қазақстан халқының саны соңғы 100 жылда қалай өзгерді?

28.07.2025, 14:05

Қазақстандағы халық саны соңғы ғасырда түрлі тарихи кезеңдер мен әлеуметтік өзгерістерге байланысты айтарлықтай құбылып отырды. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы Қазақстан статистикасының 105 жылдығына орай жариялаған арнайы деректер тізбесінде мәлімдеді деп хабарлайды Juzmedia.kz.

1897 жылы Ресей империясы жүргізген алғашқы жалпы санақ нәтижесінде қазіргі Қазақстан аумағында 4,3 миллион адам өмір сүргені белгілі болды, оның 3,5 миллионы — қазақтар болған.

1913 жылы халық саны 5,5 миллионға жетсе, 1920–1922 жылдары ашаршылық пен азаматтық соғыстан кейін 5,3 миллионға дейін қысқарған. 1939 жылы – 6 млн, 1959 жылы – 9,2 млн, 1970 жылы – 13 млн, ал 1984 жылы – 15,6 млн адам тіркелген.

Тәуелсіздік алған тұста, яғни 1991 жылы халық саны 16,4 миллион болды. Алайда 1990-жылдардағы көші-қон үдерістерінен кейін 2000 жылы бұл көрсеткіш 14,9 миллионға дейін кеміді. 2010 жылы ел халқы қайта 16 миллион межесінен асты.

2023 жылғы қарашада Қазақстан халқы алғаш рет 20 миллионнан асты. Ал 2025 жылғы 1 маусымдағы ресми мәлімет бойынша, елдегі халық саны 20,3 миллион адамға жетті.