homepage
Фото: polisia.kz

Қостанайда мас жүргізуші жол апатын жасап, оқиға орнынан қашпақ болды

27.07.2025, 12:31

26 шілдеге қараған түні Қостанайда TANK 300 көлігін мас күйде басқарған 57 жастағы жүргізуші жол апатын жасап, жасырынбақ болды деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Ол бағдаршамның қызыл түсіне тоқтамай, алдымен қоршауға, кейін ВАЗ-2115 көлігіне соғылған. Куәгерлер көліктің жолда теңселіп жүргенін айтып, болған жағдайды GTA ойынымен салыстырған. Жүргізуші оқиға орнынан қашпақ болғанымен, көп ұзамай ұсталды.

Жүргізушіге ӘҚБтК-нің төрт бабы бойынша хаттама толтырылды. Көлік айып тұрағына қойылып, өзі айықтырғышқа жеткізілді. Қазір іс сот қарауына жолданған.