Қорғаныс министрлігіне қарасты Әуе қорғанысы күштерінің EC-145 тікұшағы жоспарлы ұшу кезінде радардан жоғалып кеткені хабарланды. Оқиға 25 шілде күні Алматы облысында болған деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Алдын ала мәлімет бойынша, тікұшақта үш экипаж мүшесі болған. Қазір Қорғаныс министрлігі мен Төтенше жағдайлар департаментінің бөлімшелері тікұшақты іздеуге жұмылдырылып, құтқару жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Министрдің тапсырмасымен оқиғаның себептерін анықтау үшін арнайы комиссия жолданған. Қосымша ақпарат тергеу нәтижесіне қарай беріледі.